10 қараша 2026


«ЖАС ОҚЫТУШЫ МЕКТЕБІ» КУРСЫ АЯҚТАЛДЫ: КӘСІБИ ДАМУ МЕН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІККЕ ЖОЛ

Университетіміздің Кәсіптік даярлау және біліктілікті арттыру ресурстық орталығы ұйымдастырған «ЖАС ОҚЫТУШЫ МЕКТЕБІ» курсы жас мамандардың кәсіби-педагогикалық құзыреттілігін дамытуға, оқытушылық шеберлігін жетілдіріп, тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді.

Курстың негізгі мақсаты – жас оқытушылардың сабақ жоспарлау, ұйымдастыру мен бағалау дағдыларын қалыптастыру, педагогикалық-әдістемелік білімдерін жетілдіріп дамыту, заманауи білім беруде ақпараттық-коммуникациялық технологияларын тиімді қолдануды, студенттермен жақсы қарым-қатынас орнатуды үйрету, сондай-ақ кәсіби өсуге, шығармашылық ізденіске және үздіксіз білім алуға ынталандыру болып табылады.

Курс барысында университет басқарма басшысы – ректоры Гүлжан Сағидоллақызы Жарасова да жас мамандардың кәсіби дамуына, педагогикалық қызметке бейімделуіне қолдау көрсетіп, өз тәжірибесімен бөлісіп, дәріс өткізген болатын.

Курс нәтижесінде жас оқытушылар оқу үдерісін сапалы ұйымдастырып, заманауи педагогикалық әдістерді меңгерген, кәсіби құзыреттілігі қалыптасқан маман ретінде жұмыс істеуге дайын болды деген сенімдеміз.