1 қазан 2026
ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
Құрметті жоғары білім саласының қызметкерлері! Ардақты әріптестер!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Жоғары білім қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Жоғары білім – мемлекет пен қоғам дамуының негізгі факторларының бірі. Дәл осы университеттерде елдің зияткерлік және кәсіби әлеуеті қалыптасып, ғылыми идеялар дүниеге келеді, инновациялар дамиды және мамандардың жаңа буыны тәрбиеленеді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елдің дамуындағы адами әлеует сапасының басты капитал екенін бірнеше рет атап өтті. Осы тұрғыдан алғанда, жоғары білім беру жүйесіне және оның дамуын күнделікті еңбегімен қамтамасыз етіп отырған жандарға ерекше рөл жүктеледі.
Заманауи университет – тек білім алуға және кәсіби даярлықтан өтуге арналған орта ғана емес. Бұл – ғылыми ізденіс, бастамаларды жүзеге асыру, сыни ойлауды дамыту және заман талабына жауап бере алатын тұлғаны қалыптастыру кеңістігі. Сондықтан әрбір оқытушы, ғалым және жоғары білім саласының қызметкері алдында жауапты әрі игілікті міндет тұр. Ол – білім беріп қана қоймай, жас ұрпаққа кәсіби және қоғамдық өмірден өз орнын табуға бағыт-бағдар беру.
Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті өз ісіне кәсіби шеберлікпен, адалдықпен қарап, үнемі дамуға ұмтылатын, университеттің нығаюына және білім сапасын арттыруға үлес қосып жүрген жандарды біріктіреді. Университетіміздің әрбір жетістігінің артында оқытушылардың, ғалымдардың және қызметкерлердің күнделікті еңбегі, жігері, бастамашылдығы мен жауапкершілігі тұр.
Біз үшін студенттеріміз бен түлектеріміздің жетістіктері айрықша құнды. Олардың әрбір жетістігі – бүкіл университет қауымдастығының бірлескен еңбегінің нәтижесі әрі білім, кәсіби тәжірибе мен тәлімгерліктің жастарға жаңа мүмкіндіктер ашатынының айғағы.
Осы мерекелі күні әрқайсыңызға еңбектеріңіз, мамандыққа деген адалдығыңыз және жоғары білімді дамытуға қосқан үлестеріңіз үшін шынайы алғысымды білдіремін.
Сіздерге зор денсаулық, амандық-саулық, кәсіби жетістіктер, жаңа ғылыми жаңалықтар және ең батыл идеяларыңыздың жүзеге асуын тілеймін! Еңбектеріңіз әрдайым лайықты бағаланып, студенттеріңіз бен түлектеріңіздің жетістіктері сіздерге мақтаныш пен қуаныш сыйласын!
Мерекелеріңіз құтты болсын, қымбатты әріптестер!
Құрметпен,
Басқарма төрағасы – ректор
Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті
Гүлжан Сағидоллақызы Жарасова
