15 қыркүйек 2026


«АДАЛДЫҚ – АДАМ БЕЙНЕСІ»: СТУДЕНТТЕРМЕН АДАЛДЫҚ САҒАТЫ ӨТТІ

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде студенттердің бойында адалдық, жауапкершілік және парасаттылық құндылықтарын қалыптастыруға бағытталған «Адалдық – адам бейнесі» тақырыбында адалдық сағаты өтті.

Іс-шараның ашылуында Тәрбие және әлеуметтік жұмыс жөніндегі проректор Жаннета Амангелдіқызы сөз сөйлеп, адалдық пен жауапкершіліктің студенттік ортадағы маңызына тоқталды. Ол әрбір білім алушының өз ісіне жауапкершілікпен қарап, академиялық адалдық қағидаттарын ұстануы маңызды екенін атап өтті.

Адалдық сағатын Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметінің жетекшісі, комплаенс-офицер Жексембаев Қайнар Ерланұлы жүргізді. Кездесу кезінде адалдықтың тұлға қалыптастырудағы рөлі, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, академиялық адалдық қағидаттары және күнделікті өмірдегі жауапты мінез-құлық мәселелері талқыланды.

Кездесуге Студенттік құрылтай төрағасы Адал Үнзилә Адалқызы және студенттер қатысып, адалдық пен әділдік құндылықтарын жастар арасында насихаттау жолдары бойынша пікір алмасты.

Кездесу кезінде студенттердің университетте адалдық мәдениетін қалыптастыруға қосатын үлесіне ерекше мән берілді. Академиялық адалдықты сақтау, өзара жауапкершілікті арттыру және әділдік қағидаттарын ұстану – студенттік ортаның маңызды құндылықтары.

Кездесу соңында қатысушылар адалдықтың адамның жеке ұстанымынан басталып, күнделікті іс-әрекет арқылы қалыптасатынын атап өтті.