28 сәуір 2026


АМАНЖОЛОВ ЖАСТАРЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАДА ЖҮЛДЕЛІ ОРЫН ИЕЛЕНДІ

ҚЕАҚ «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті» базасында 6В019 – «Арнайы педагогика» білім беру бағдарламасы бойынша XVIII Республикалық «Болашақ педагог: инклюзия, инновация, шабыт» тақырыбындағы студенттік пәндік олимпиада өткізілді.

Аталған олимпиадаға республиканың әр аймағынан 14 команда қатысып, өз білімдері мен кәсіби дағдыларын жоғары деңгейде көрсетті.

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің 6В01901 – «Дефектология» білім беру бағдарламасының 3 курс студенттері Қыдырбекова Эльназ Ерболатқызы мен Қадырханова Аяулым Берікханқызы.

Білім алушылар ғылыми жетекшісі Турымтаева Бибинур Ержановна жетекшілігімен жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі III орынды иеленді.

Бұл жетістік – болашақ мамандардың кәсіби дайындығының жоғары деңгейін, сондай-ақ инклюзивті білім беру саласына деген қызығушылығы мен жауапкершілігін айқын дәлелдейді