14 сәуір 2026


АМАНЖОЛОВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ЕРЕКШЕ БІЛІМ БЕРУ ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІ БАР БАЛАЛАРДЫ ЕРТЕ АНЫҚТАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Аманжолов университетінде психология және түзету педагогикасы кафедрасының меңгеруші міндетін атқарушы Кукина Ю.Е. ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды ерте анықтау және ерте қолдау көрсетуге бағытталған ведомствоаралық өзара іс-қимыл моделін талқылауға арналған жұмыс кездесуіне қатысты.

Кездесуді Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация» КММ меңгерушісі Байчинов Р.Т. ұйымдастырды.

Талқылауға өңірдің білім беру және денсаулық сақтау жүйесінің өкілдері қатысты. Олардың қатарында Шығыс Қазақстан облысының бас педиатры Кусаинова Г.М., облыстық денсаулық сақтау басқармасының Ана мен бала денсаулығын қорғау бөлімінің басшысы Комшабаева А.М., сондай-ақ басқа да сала мамандары болды.

Кездесу барысында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды уақтылы анықтау және оларға кешенді ерте көмек көрсету мақсатында түрлі ведомстволардың қызметін үйлестіру мәселелері қарастырылды. Білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер арасындағы тиімді өзара байланыс тетіктерін қалыптастыруға ерекше назар аударылды.

Аталған кездесуге университет өкілінің қатысуы жоғары оқу орнының өңірлік деңгейде ведомствоаралық ынтымақтастықты нығайтуда, сондай-ақ ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды ерте қолдау жүйесін дамытуға бағытталған ғылыми-әдістемелік және практикалық тәсілдерді жетілдіруде маңызды рөл атқаратынын көрсетеді.