15 сәуір 2026


АМАНЖОЛОВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫСУМЕН ҒЫЛЫМИ СЕМИНАР ӨТТІ

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің «Беттік инженерия және трибология» ғылыми-зерттеу орталығында кезекті ғылыми семинар ұйымдастырылды.

Семинар барысында Малайзиядан келген PhD, аға оқытушы (Senior Lecturer) доктор Нур Набихах Юсоф «Overview of Universiti Sains Malaysia and School of Physics» тақырыбында баяндама жасап, Universiti Sains Malaysia университетінің ғылыми-инновациялық инфрақұрылымы мен Физика мектебінің негізгі зерттеу бағыттарына жан-жақты талдау ұсынды.

Сонымен қатар орталықтың докторанттары мен магистранттары өздерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін таныстырып, жүргізіліп жатқан зерттеулердің теориялық және тәжірибелік аспектілерін кеңінен баяндады.

Семинар аясында материалтану, беттік инженерия және трибология салаларындағы өзекті ғылыми мәселелер талқыланып, ғылыми тәжірибе алмасу жүзеге асырылды.

Аталған іс-шара жас ғалымдардың ғылыми әлеуетін арттыруға, академиялық байланыстарды нығайтуға және халықаралық ғылыми ынтымақтастықты дамытуға бағытталған маңызды алаң ретінде өтті.