2 маусым 2026


АМАНЖОЛОВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ «EVEREST CUP 2026» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИРІНДЕ ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

30-31 мамыр күндері Семей қаласы, Әлихан Бөкейхан Университеті базасында «Everest» интеллектуалды дебат клубының ұйымдастыруымен ұлт көсемі Әлихан Бөкейханның туғанына 160 жыл толуына арналған «EVEREST CUP 2026» республикалық пікірсайыс турнирі өтті.

Ауқымды турнирге еліміздің әр өңірінен келген үздік пікірсайысшылар қатысып, жоғары деңгейдегі ойын өрнегін көрсетті. Жалпы саны 20 фракция бақ сынаған жарыста қатысушылар өзара тартысты әрі мазмұнды пікірталас өткізіп, шешендік қабілет пен сыни ойлау дағдыларын паш етті.

Турнир қорытындысы бойынша Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті студенті Жігер Сәрсенбаев жүлделі II орынды иеленіп, университет намысын республикалық деңгейде абыроймен қорғады.

Аталған жетістік студенттердің зияткерлік әлеуеті мен пікірсайыс мәдениетінің жоғары деңгейде дамып келе жатқанын көрсетеді.