14 қыркүйек 2026


ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ: «АДАМҒА БАҒЫТТАЛҒАН ҰЙЫМ: БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІКТІҢ ДРАЙВЕРІ РЕТІНДЕГІ ИНКЛЮЗИЯНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ҚОЛДАНБАЛЫ АСПЕКТІЛЕРІ»

2026 жылғы 9 қазанда «Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті» КЕАҚ-да Психология және түзету педагогикасы кафедрасының ұйымдастыруымен «Адамға бағытталған ұйым: бәсекеге қабілеттіліктің драйвері ретіндегі инклюзияның теориялық және қолданбалы аспектілері» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді.

Конференцияны Педагогика жоғары мектебінің Психология және түзету педагогикасы кафедрасы Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті қаржыландыратын AP23489784 ғылыми-зерттеу жобасы аясында ұйымдастырып, өткізеді.

Конференция бағдарламасында төмендегі бағыттар бойынша секциялық отырыстар өткізу жоспарланған:

  1. Адамға бағытталған басқарудың тұжырымдамалары, модельдері және халықаралық тәжірибесі.
  2. Әлеуметтік өзгерістер жағдайындағы ұйымдық мәдениет және HR-практикалар.
  3. Ұйымдардағы инклюзияның психологиялық аспектілері.
  4. Инклюзивті білім беру және кәсіби даярлау.
  5. Цифрлық трансформация және қолдаушы ұйымдық ортаны дамыту.

Конференцияға қатысу түрлері:

  1. Баяндама жасаумен және ғылыми мақала дайындаумен онлайн/офлайн форматта қатысу.
  2. Мақала дайындау арқылы сырттай қатысу.

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс және ағылшын тілдері.

Ұйымдастыру комитетінің мекенжайы:

Қазақстан Республикасы, 070019, Өскемен қаласы, 30-шы Гвардиялық дивизия көшесі, 34, Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚУ-дың №1 оқу ғимараты, 220-кабинет, Психология және түзету педагогикасы кафедрасы.

Байланыс телефондары:

Мақалалар бойынша: Барабанова Елена

8 777 155 02 60

Электрондық пошта: kafedrapkp@mail.ru