30 сәуір 2026

ҒЫЛЫМ МЕКТЕПТЕН БАСТАЛАДЫ: АМАНЖОЛОВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ФЕСТИВАЛЬ ӨТТІ

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті «Ғылым айлығын» қорытындылап, мектеп оқушыларына арналған Ғылым фестивалін өткізді. Бұл маңызды ғылыми-білім беру шарасы оқушылардың зерттеушілік әлеуетін дамытуға және жастар арасында ғылымды насихаттауға бағытталды.

Фестиваль аясында 1–11 сынып оқушылары дайындаған 33 ғылыми жоба ұсынылды. Жалпы саны 51 оқушы қатысып, жұмыстар екі негізгі бағытты қамтыды: жаратылыстану-техникалық және әлеуметтік-гуманитарлық.

Іс-шараға Шығыс Қазақстан облысының әртүрлі аудандарынан, атап айтқанда Зайсан, Самар, Ұлан аудандарынан, Риддер қаласынан, сондай-ақ дарынды балаларға арналған мамандандырылған білім беру ұйымдарынан оқушылар қатысты.

Ұсынылған зерттеу жұмыстары өзектілігімен және практикалық маңыздылығымен ерекшеленді. Қатысушылар келесі бағыттар бойынша жобаларын таныстырды:
ақпараттық технологиялар мен робототехника, экология және тұрақты даму, физика, химия және биология, әлеуметтік жобалау мен волонтерлік қызмет, тіл білімі, әдебиет және мәдениеттану.

Ғылым фестивалі оқушылардың зерттеу дағдыларын дамытуға, ғылыми идеялармен алмасуға және болашағы зор жас зерттеушілерді анықтауға тиімді алаң болды.