4 тамыз 2026
ҚЫТАЙ ХАЛЫҚ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕЛЕГАЦИЯСЫ АМАНЖОЛОВ УНИВЕРСИТЕТІНЕ КЕЛДІ
Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетіне Шығыс Қазақстан облысына ресми сапармен келген Қытай Халық Республикасының делегациясы келді. Делегация құрамында Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданының Сыртқы сауда және экономикалық ынтымақтастық қауымдастығының президенті, халықаралық бизнес саласының сарапшысы Чэн Ган болды.
Кездесу барысында тараптар жоғары білім беру, ғылым, академиялық ұтқырлық және халықаралық әріптестікті дамыту мәселелерін талқылады. Сондай-ақ студенттер мен оқытушылар алмасу, бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу, халықаралық білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру және университеттер арасындағы өзара байланысты кеңейту бағытындағы ынтымақтастық перспективалары қарастырылды.
Аманжолов университеті бүгінде халықаралық серіктестікті дамытуға ерекше көңіл бөліп келеді. Университет әлемнің көптеген жетекші жоғары оқу орындарымен байланыс орнатып, білім мен ғылым саласындағы халықаралық жобаларды табысты жүзеге асыруда. Қытайлық делегацияның сапары да осы бағыттағы жұмыстың заңды жалғасы.
Кездесу қорытындысында тараптар өзара тиімді әріптестікті одан әрі нығайтуға, тәжірибе алмасуды кеңейтуге және халықаралық деңгейдегі жаңа бастамаларды бірлесіп жүзеге асыруға дайын екендіктерін білдірді. Мұндай кездесулер университеттің халықаралық беделін арттырып қана қоймай, студенттер мен жас ғалымдар үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады.