12 мамыр 2026


ӨСКЕМЕНДЕ ОҚУШЫЛАР АРАСЫНДА САПТА ЖҮРУ ЖӘНЕ ӘН АЙТУ БАЙҚАУЫ ӨТТІ

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№24 орта мектебі» КММ-де оқушылар арасында патриоттық тәрбие, азаматтық жауапкершілік, тәртіп пен командалық рухты қалыптастыруға бағытталған саптық шеру және патриоттық ән байқауы өтті.

Іс-шараға Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің «Мәдениет, музыка және алғашқы әскери дайындық» кафедрасының меңгерушісі Александр Зуев пен «Dana bala» үздіксіз және инклюзивті білім беру орталығының жетекшісі Алима Алипова қатысты.

Байқау барысында қатысушылар жоғары дайындық деңгейін, саптық машықтарын, ұйымшылдық пен командалық үйлесімділікті көрсетті. Сонымен қатар оқушылар патриоттық әндерді орындауда шығармашылық қабілеттерін танытып, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.

Мұндай тәрбиелік маңызы зор шаралар мектеп пен жоғары оқу орны арасындағы байланысты нығайтып, өскелең ұрпақ бойында отансүйгіштік құндылықтарды қалыптастыруға ықпал етеді. Сонымен қатар білім алушылардың көшбасшылық қасиеттерін дамытуға және кәсіби бағдарын айқындауға мүмкіндік береді.

Білім беру ұйымдары арасындағы өзара ынтымақтастық педагогикалық тәжірибе мен ғылыми-әдістемелік әлеуетті біріктіріп, тәрбие жұмысындағы заманауи тәсілдерді тиімді жүзеге асыруға жол ашады. Ал мектеп пен университеттің бірлескен жұмысы өңірдегі білім беру жүйесінде сабақтастықты қамтамасыз етіп, талантты жастарды қолдауға және инклюзивті мәдениетті дамытуға негіз болады.