2026 ЖЫЛҒЫ 25 ҚЫРКҮЙЕК Қазақстан Республикасындағы Жалпыұлттық аза тұту күні
×

29 тамыз 2026


AMANZHOLOV UNIVERSITY-ДЕ ҒЫЛЫМИ КЕҢЕСТІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

AMANZHOLOV UNIVERSITY-де 2026–2027 оқу жылын ұйымдастыруға қатысты негізгі мәселелер қаралған Ғылыми кеңестің отырысы өтті.

Күн тәртібіне оқу процесін ұйымдастыру, бірінші курс студенттеріне арналған бейімдеу апталығын өткізу жоспары, білім беру бағдарламасына қатысты мәселе және 2026 жылғы студенттер контингентін қалыптастырудың алдын ала нәтижелері енгізілді.

Алғашқы мәселе бойынша Басқарма төрағасы-ректордың уақытша міндетін атқарушы Ровнякова Ирина Владимировна ақпарат берді. Баяндама барысында 2026–2027 оқу жылындағы оқу процесін ұйымдастыру және университеттің құрылымдық бөлімшелерінің аталған бағыттағы жұмыстары туралы айтылды.

Ғылыми кеңес отырысында бірінші курс студенттерін университеттік ортаға бейімдеу мәселесіне де назар аударылды. Академиялық саясат және білім беру бағдарламаларын басқару департаментінің директоры Домалатов Ержан Багданович бейімдеу апталығын өткізу жоспарын таныстырды.

Бейімдеу апталығы аясында бірінші курс студенттерін университеттің академиялық ортасымен таныстыру, оқу процесінің ерекшеліктерін түсіндіру, білім алушыларға қажетті ақпарат беру және олардың университеттік ортаға бейімделуіне қолдау көрсету бағытындағы іс-шаралар ұйымдастырылады.

Сонымен қатар Ғылыми кеңес отырысында «7М01402 Кәсіптік оқыту, көркем еңбек және графика» білім беру бағдарламасының ЖББП білім беру бағдарламаларының тізіліміндегі білім беру бағдарламаларының тобын өзгерту мәселесі қаралды. Аталған мәселе бойынша Домалатов Ержан Багданович ақпарат берді.

Күн тәртібіндегі маңызды мәселелердің бірі – 2026 жылғы студенттер контингентін қалыптастырудың алдын ала нәтижелері. Бұл бағыт бойынша қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы Байжуманова Лейла Толеубаевна баяндама жасады.

Ғылыми кеңес барысында қаралған мәселелер университеттегі оқу процесін тиімді ұйымдастыруға, білім алушылардың академиялық ортаға бейімделуіне, білім беру бағдарламаларын жетілдіруге және студенттер контингентін қалыптастыруға бағытталған жұмыстарды қамтыды.

Отырыста аталған бағыттар бойынша жұмыстарды жүйелі түрде ұйымдастырудың және университеттің білім беру процесінің сапасын қамтамасыз етудің маңыздылығы атап өтілді.