5 мамыр 2026


AMANZHOLOV UNIVERSITY-ДЕ IQAA СЫРТҚЫ АУДИТІ ӨТТІ

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде 4–5 мамыр күндері Білім сапасын қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз агенттіктің (IQAA) сарапшылар тобы білім беру бағдарламаларын бағдарламалық аккредиттеу аясында сыртқы аудит жүргізді.

Сыртқы бағалау келесі білім беру бағдарламалары бойынша өтті:

— 6В01703 «Шетел тілдері: екі шетел тілі»;

— 6В06101 «Робототехника және жасанды интеллект»;

— 7M04111 «Туристік дестинациялар мен тұрақты дамуды басқару»;

— 7M04109 «Денсаулық сақтаудағы менеджмент».

Аудит барысында IQAA сарапшылары университет қызметімен танысып, оқу орнының басшылығымен, құрылымдық бөлімше жетекшілерімен, декандармен, кафедра меңгерушілерімен, профессорлық-оқытушылық құраммен, білім алушылармен, түлектермен және жұмыс берушілермен кездесті.

Сондай-ақ аудит бағдарламасы аясында университеттің цифрлық білім беру ортасы мен LMS-платформасының таныстырылымы өтті. Сарапшылар материалдық-техникалық базаны, мамандандырылған зертханалар мен оқу аудиторияларын аралап көрді. Бұдан бөлек, аккредиттелетін білім беру бағдарламалары бойынша тәжірибе базалары мен оқу сабақтарына қатысты.

Сарапшылар білім беру үдерісінің сапасына, академиялық саясаттың жүзеге асырылуына, халықаралық ынтымақтастыққа, цифрландыруға, ғылыми қызметке және университеттің жұмыс берушілермен байланысына ерекше назар аударды.

Жұмыс қорытындысы бойынша сарапшылар тобы сыртқы аудиттің алдын ала нәтижелерін шығарып, университет басшылығына білім беру бағдарламаларын одан әрі дамыту және бәсекеге қабілетті мамандар даярлау сапасын арттыру бағытындағы ұсынымдарын ұсынды.