26 мамыр 2026


AMANZHOLOV UNIVERSITY: «ТАЗА СЕССИЯ – ТАЗА ҚОЛ» ШТАБЫ АЯСЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ

«Таза сессия – Таза қол» штабының жоспары аясында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметінің жетекшісі Жексембаев Қайнар Ерланұлы Жоғары колледж оқытушыларымен кездесу өткізді.

Кездесудің негізгі мақсаты – білім беру саласындағы ашықтық пен академиялық адалдық қағидаттарын нығайту, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу бағытындағы түсіндіру жұмыстарын жүргізу болды.

Іс-шара барысында колледж ұжымына сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың негізгі стандарттары мен талаптары кеңінен түсіндірілді. Қатысушылар білім беру процесіндегі заңдылық пен әділдікті сақтау мәселелерін талқылады. Атап айтқанда:

  • білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау жүргізу тәртібі;
  • аралық және қорытынды аттестаттауды ұйымдастыру;
  • бағалаудың объективтілігі мен ашықтығын қамтамасыз ету мәселелері қарастырылды.

Оқытушыларға академиялық адалдық принциптерін сақтау, білім алушылармен кәсіби этика аясында жұмыс жүргізу және қызметтік міндеттерді адал орындаудың маңыздылығы айтылды.

Шара соңында білім беру ұйымында парасаттылық мәдениетін қалыптастыру, заң талаптарын сақтау және сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын нығайту бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасатыны атап өтілді.