2026 ЖЫЛҒЫ 25 ҚЫРКҮЙЕК Қазақстан Республикасындағы Жалпыұлттық аза тұту күні
×

24 қыркүйек 2026


AMANZHOLOV UNIVERSITY-ДЕ ҒЫЛЫМИ КЕҢЕСТІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде Басқарма төрағасы – ректор Гүлжан Жарасованың төрағалығымен Ғылыми кеңестің отырысы өтті.

Отырыста жаңа оқу жылындағы университет жұмысының басым бағыттары талқыланып, 2025–2026 оқу жылының қорытындылары сараланды. Сонымен қатар 2026–2027 оқу жылына арналған негізгі міндеттер айқындалып, университеттің 2024–2029 жылдарға арналған даму бағдарламасын іске асыру мәселелері қаралды.

Гүлжан Жарасова университеттің алдағы кезеңдегі дамуында білім беру сапасын арттыру, ғылыми-зерттеу жұмыстарын күшейту және олардың нәтижелерін өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына бағыттау маңызды екенін атап өтті.

Күн тәртібінде білім беру бағдарламаларының сапасы, ғылыми жобаларды жүзеге асыру, зертханалық базаны жаңарту, ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру, халықаралық ынтымақтастықты кеңейту және академиялық ұтқырлықты дамыту мәселелері қарастырылды.

Сондай-ақ жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды білім беру үдерісіне енгізу, инклюзивті орта қалыптастыру және университеттің ғылыми әлеуетін арттыру бағыттарына назар аударылды.

Ғылыми кеңес қорытындысы бойынша университеттің жаңа оқу жылындағы басым міндеттері белгіленіп, тиісті шешімдер қабылданды.