12 қазан 2026


AMANZHOLOV UNIVERSITY-ДЕ ӘСКЕРИ КАФЕДРАҒА СТУДЕНТТЕРДІ ІРІКТЕУ КОМИССИЯСЫ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің Қабанбай батыр атындағы әскери кафедрасында әскери даярлықтан өтуге ниетті студенттерді іріктеу комиссиясы өз жұмысын бастады.

Іріктеу кезеңі кәсіби-психологиялық тестілеудің екінші кезеңінен басталды. Тестілеу университеттің компьютерлік сыныбында өткізіліп, студенттердің әскери даярлықтан өтуге деген ынтасы, күйзеліске төзімділігі, сыни және логикалық ойлау қабілеттері бағаланады.

Кәсіби-психологиялық тестілеудің мақсаты – әскери кафедрада білім алуға қажетті жеке тұлғалық және кәсіби маңызды қасиеттерді анықтау.

Іріктеудің бірінші кезеңінде студенттер медициналық куәландырудан өтіп, денсаулық жағдайы бойынша әскери кафедрада оқуға жарамды деп танылуы тиіс. Осы талаптарды орындаған үміткерлер кәсіби-психологиялық тестілеуге жіберіледі.

Конкурстық іріктеудің үшінші кезеңінде студенттердің дене дайындығы нормативтерді тапсыру арқылы бағаланады. Ал төртінші кезеңде үміткерлердің рейтингтік балдары есептеліп, конкурстық іріктеу жүргізіледі.

Барлық кезеңнің нәтижелері қорытындыланғаннан кейін комиссия 2026 жылға арналған қабылдау жоспарына сәйкес студенттерді конкурстық негізде әскери даярлықтан өтуге іріктейді.