21 қазан 2026


AMANZHOLOV UNIVERSITY-ДЕ «КҮМІС УНИВЕРСИТЕТ 50+» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН САУЫҚТЫРУ КУРСЫ ӨТТІ

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде «Күміс университет 50+» жобасы аясында үстел теннисінен сауықтыру курсы өтті.

Курс орта жастағы адамдардың дене белсенділігін арттыруға, қимыл-қозғалыс үйлесімділігін дамытуға және салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған. Сонымен қатар қатысушылардың ептілігі мен шапшаңдығын жетілдіріп, спортқа деген қызығушылығын арттыруды көздейді.

Практикалық сабақтар мамандандырылған теннис орталығында өтті. Қатысушылар ракетканы дұрыс ұстау, допты беру және қабылдау, соққы жасау, ойын ережелерін сақтау сияқты үстел теннисінің негізгі әдіс-тәсілдерін меңгерді.

Сабақтарды техника ғылымдарының кандидаты, профессор, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Мұхамедолла Сағидоллаұлы Агзамов жүргізді.

Курс қатысушылары үстел теннисін ойнау дағдыларын меңгеріп, дене белсенділігін арттыруға және бос уақыттарын тиімді өткізуге мүмкіндік алды. Курс соңында тыңдаушыларға сертификат табысталады