5 қазан 2026


AMANZHOLOV UNIVERSITY-ДЕ КӘСІБИ-ТҰЛҒАЛЫҚ ДАМУДЫҢ ЖЕКЕ БАҒЫТТАРЫН ЖОБАЛАУҒА АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СЕМИНАР-ПРАКТИКУМ ӨТТІ

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің IT және жаратылыстану ғылымдары жоғары мектебінің биология кафедрасында «Студенттің, оқытушының, басқарушының кәсіби-тұлғалық қалыптасуы мен дамуының жеке бағытын жобалау» тақырыбында халықаралық семинар-практикум өтті.

Семинарда Мәскеу қалалық университетінің үздіксіз білім берудің педагогикалық технологиялары кафедрасының доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты Андрей Александрович Теров баяндама жасады.

Семинарға университет студенттері, магистранттары мен оқытушылары қатысып, кәсіби және тұлғалық дамудың жеке бағыттарын жобалау, кәсіби құзыреттерді қалыптастыру және жеке білім беру траекторияларын құру мәселелерін қарастырды.

Кәсіби қалыптасу мен дамудың практикалық құралдарына, кәсіби өсудің мақсаттарын айқындауға және одан әрі дамудың тиімді стратегияларын қалыптастыруға ерекше назар аударылды.

Қатысушылар сондай-ақ жеке мақсаттарды, құзыреттерді және кәсіби өсу перспективаларын ескере отырып, білім беру және кәсіби қызметте жеке тәсілді қолдану мүмкіндіктерін талқылады.

Семинар кәсіби тәжірибе алмасуға, сондай-ақ студенттердің, оқытушылардың және басқару кадрларының жеке даму траекторияларын қалыптастырудың заманауи тәсілдерін талқылауға мүмкіндік берген маңызды алаңға айналды.