12 қазан 2026
AMANZHOLOV UNIVERSITY-ДЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК ВЕБИНАР ӨТЕДІ
Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің биология кафедрасы 2026 жылғы 14 қазанда «Ағаш түрлерінің климаттық өзгерістер мен ауаның ластануына төзімділігін зерттеудің заманауи әдістері: қалалық экожүйелердің жай-күйін бағалаудағы дендрохронологиялық мониторингтің рөлі» тақырыбында республикалық ғылыми-әдістемелік вебинар өткізеді.
Іс-шара AP25794101 «Дендроиндикация әдісімен Шығыс Қазақстанның өнеркәсіптік аймақтарында өсетін ағаш түрлеріне техногендік факторлар мен климаттың өзгеруінің әсерін зерттеу» ғылыми жобасы аясында ұйымдастырылады.
Вебинардың мақсаты – қалалық экожүйелердің жай-күйін бағалаудағы био- және дендроиндикацияның заманауи әдістерін талқылау, ағаштардың климаттық өзгерістер мен техногендік ластануға төзімділігін бағалау тәсілдерін қарастыру және өнеркәсіптік қалаларды көгалдандыруға қатысты практикалық ұсынымдар әзірлеу.
Вебинар барысында мынадай мәселелер қарастырылады:
* Қалалық жасыл желектердің жай-күйін бағалаудағы био- және дендроиндикацияның заманауи әдістері;
* Ағаштардың радиалды өсімі негізінде климаттық күйзеліс пен техногендік ластау әсерін ажырату әдістемесі;
* Өнеркәсіптік қалаларды көгалдандыруға төзімді ағаш түрлерін іріктеу бойынша практикалық ұсынымдар.
Вебинар баяндамалар мен кейінгі талқылау форматында офлайн өткізіледі. Сонымен қатар онлайн қосылу мүмкіндігі қарастырылған.
Өткізілу күні: 2026 жылғы 14 қазан
Уақыты: сағат 10:00
Өтетін орны: № 4 оқу ғимараты, 29-аудитория.
Онлайн қатысуға арналған сілтеме:
Zoom конференциясына қосылу
Конференция идентификаторы: 725 056 8431
Қатысу коды: 2026
Вебинарға оқытушылар, жас ғалымдар, зерттеушілер, магистранттар, студенттер, табиғатты қорғау ұйымдарының мамандары және тақырыпқа қызығушылық танытқан барлық азаматтар шақырылады.
Қажет болған жағдайда қатысушыларға сертификат беріледі.
Жауапты ұйымдастырушы: биология кафедрасының қауымдастырылған профессоры, PhD, AP25794101 жобасының жетекшісі Алипина Куралай Бауржановна.
Байланыс ақпараты:
Телефон: 8 708 643 92 49
Электрондық пошта: alipina_87@mail.ru
Баршаңызды ғылыми вебинарға қатысып, өзара тәжірибе алмасуға шақырамыз!