2 қараша 2026


AMANZHOLOV UNIVERSITY-ДЕ ШЕТЕЛДІК СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН WELCOME CENTER ОРТАЛЫҒЫ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде шетелдік студенттердің университет өміріне бейімделуіне, өзара қарым-қатынас орнатуына және жаңа мүмкіндіктерге жол ашуына бағытталған Welcome Center орталығы жұмыс істейді.

Welcome Center – университеттің екі құрылымдық бөлімшесінің, атап айтқанда International Quality Department және «Тіл әлемі» орталығының бірлескен жобасы. Оның негізгі мақсаты – шетелдік студенттер мен университет волонтерлеріне қолдау көрсетіп, білім алушылар үшін қолайлы әрі достық орта қалыптастыру.

Орталықта студенттер оқу үдерісі, тұру жағдайы және қажетті құжаттарды рәсімдеу мәселелері бойынша кеңес ала алады. Сонымен қатар университеттің қоғамдық және мәдени өміріне бейімделіп, Speaking Club кездесулеріне қатысу арқылы шет тілдерін тәжірибе жүзінде меңгеруге мүмкіндік бар.

Welcome Center аясында әртүрлі елдердің мәдениеті мен дәстүрлерін таныстыруға арналған кездесулер, спорттық, мәдени және волонтерлік іс-шаралар ұйымдастырылады. Сондай-ақ студенттер жаңа достар тауып, ортақ бастамалар мен бірлескен жобаларға қатыса алады.

Орталық шетелдік студенттер мен университет қауымдастығы арасындағы байланысты нығайтып, мәдениетаралық қарым-қатынасты дамытуға және халықаралық студенттердің академиялық ортаға еркін араласуына ықпал етеді.

Welcome Center – бейімделу, қарым-қатынас және қолдау кеңістігі!