13 қазан 2026


ДУАЛЬДІ ОҚЫТУ: БОЛАШАҚ МАМАНДАРДЫҢ ПРАКТИКАЛЫҚ ДАЯРЛЫҒЫ

 

Дуальді оқыту жүйесін жүзеге асыру аясында 6В0502 «Экология» және 6В05203 «Гидроэкология, менеджмент және трансшекаралық су қауіпсіздігі» білім беру бағдарламаларының 3-курс студенттері «ПРОМХИМЭКО» өндірістік кооперативіне (ӨК) барды. Кәсіби бағдар беру іс-шарасына филиал директоры, техника ғылымдарының кандидаты Светлана Анатольевна Гармашова жетекшілік етті.

Студенттерге «Экологиялық мониторинг» және «Өндірістік санитария» пәндері бойынша таныстыру дәрісі ұйымдастырылды. Дәріс барысында болашақ мамандар өндірістік орта параметрлерін аспаптық бақылауға арналған құралдардың мақсаты, жұмыс істеу қағидаттары және қолдану ерекшеліктерімен танысты.

Атап айтқанда, еңбек жағдайларын бағалау және өндірістік орта факторларын бақылау кезінде қолданылатын люксметрлердің, анемометрлердің, психрометрлердің, гигрометрлердің, шу өлшегіштердің, виброметрлердің және газ талдағыштардың практикалық қолданысына ерекше назар аударылды.

Кәсіпорынға бару студенттерге теориялық білімдерін тереңдетуге, аспаптық бақылаудың заманауи әдістерімен танысуға және экологиялық мониторинг, өндірістік санитария мен еңбекті қорғау салаларындағы кәсіби білімнің тәжірибеде қалай қолданылатынын түсінуге мүмкіндік берді.

Мұндай іс-шаралар дуальді оқытудың маңызды бөлігі саналады. Өйткені олар теориялық дайындықты нақты өндірістік үдерістермен ұштастырып, болашақ мамандардың кәсіби құзыреттерін дамытуға және дүниетанымын кеңейтуге ықпал етеді.

Amanzholov University «ПРОМХИМЭКО» өндірістік кооперативінің басшылығы мен ұжымына жылы қабылдауы, танымдық сабақтың жоғары деңгейде ұйымдастырылуы және болашақ мамандардың практикалық даярлығына қосқан елеулі үлесі үшін алғыс білдіреді.