24 қыркүйек 2026


«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: БОЛАШАҚ ЭКОЛОГТАРДЫҢ ҮЛЕСІ

Бүгін Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің Экология және география кафедрасының «Экология» білім беру бағдарламасының 4-курс студенттері «Таза Қазақстан» ұлттық бағдарламасын жүзеге асыру аясында дөңгелек үстел өткізді.

Іс-шараның мақсаты – болашақ экологтардың экологиялық бастамалардағы рөлін талқылау, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерін қарастыру.

Дөңгелек үстелге Студенттік экологиялық клубтың үйлестірушісі, Экология және география кафедрасының сениор-лекторы Дәукенова Бибігүл Серікқызы қатысты. Ол студент жастардың табиғатты қорғау ісіне белсенді араласуы мен экологиялық білімді таратудағы маңызын атап өтті.

Тақырып аясында «Экология» білім беру бағдарламасының 4-курс студенттері Дагинтен Анастасия, Дементьева Анастасия, Яковенко Илья және Нигметов Руслан баяндама жасады

Талқылау кезінде қатысушылар қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, экологиялық мониторинг және жастарды «Таза Қазақстан» бастамаларына тарту мәселелерін сөз етті.

Сондай-ақ болашақ экологтардың табиғатты қорғау акцияларын ұйымдастыруға, экологиялық сауаттылықты арттыруға және қоршаған ортаның жағдайын жақсартуға қосатын үлесі талқыланды.

«Таза Қазақстан» – табиғатқа жауапкершілікпен қарауды қалыптастыратын ортақ бастама. Ал оның жүзеге асуы әр адамның күнделікті әрекетінен басталады.

Таза Қазақстан – әрқайсымыздан басталады!